Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қала базарларында отшашу мен жарылғыш заттардың көптеп сатылатыны белгілі. Сала мамандарының айтуынша, бұл отшашулар арнайы рұқсаты бар мекемелерде ғана саудалануы тиіс.
Алайда мерекені көңілді өткізуді ойлайтын жерлестеріміз оған мән бере бермейді. Соның салдарынан мереке соңы қайғылы оқиғаларға ұласып жатады .Осы келеңсіздіктердің алдын алу мақсатында қала әкімдігі, төтенше жағдайлар басқармасы мен жергілікті полиция қызыметкерлері бірлесе рейдке шықты.
Шара барысында қала көшелері мен базарларында пиротехника сатушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Базар басшыларына келеңсіздіке жол бергені үшін әкімшілік шара көрілетіні кезекті рет ескертілді. Өкінішке қарай, оған мән беріп жатқан ешкім жоқ, сол себепті өз денсаулығына немқұрайлы қарамайтын отбасылар қауіпсіздік шарасына көбірек көңіл бөлсе дейді әкімдік мамандары.
Нұрлан Күдерұлы