Шымкентке нағыз жылы тон мен сәнді ішік киетін уақыт келді. Ал бұл ретте шубаманиялықтар шымқалалықтарды қуантуда жалғастыруда. Қала тұрғындарын жағалы киімнің мол таңдауы мен маусымдық жеңілдіктер де күтіп тұр.
Қаркүзен, бұлыңғыр, елтірі, сусар мен ақ және қара түлкі терісі. Ішіктің мұндай мол таңдауынан кейін сәнқойлардың көрмеден тонсыз қайтуы мүмкін емес. «Шубамания» көрмесі кез келген келушілерін қуанту үшін барын салуда. Жағалы киім сатып алушыларға 10 пайыз жеңілдік тағы бар. Бастысы, қалауыңыз бен талғамыңыз бір жерден шықса, кез келген үлгідегі ішіктерді табуға мүмкіндік бар. Тіпті үлкен, 64 өлшемдегі киімдер де жәрмеңкеде жетерлік.
Ксения Бритикова, «Шубамания» көрмесінің әкімшісі: «Шубамания» көрмесіне аң терілерінен тігілген ішіктердің соңғы үлгілері жеткізілді. Тон, ішік, күртеше мен пальтоның барлық өлшемі бар. Сонымен қатар көптеген жеңілдіктер туралы қуана хабарлаймыз. Яғни 10 пайыздан 30 пайызға дейінгі жеңілдіктер. Жаңа жыл қарсаңында өзіңізге немесе өзгеге сыйлық жасауда да тиімді ұсыныс деп санаймыз».
Бағалы әрі сапалы сырт киім таңдау оңай емес. Өйткені бір емес, бірнеше жыл бойы үстіңізден тастамай кию үшін ішіктер тек жылы ғана емес, сәнді әрі әмбебап болу тиіс. Сондықтан бұл ретте таңдау жасауда «Шубамания» кеңесшілері де көмегін аямайды.
Татьяна Керьянова, Пятигорск ішіктер фабрикасының өкілі: «Мұнда кез келген сатып алушы тондардың сапасын тексеріп ала алады. Ол таза аң терісінен тігілген бе әлде боялған тері ме, созыла ма, созылмай ма, соның анық-қанығын көз жеткізе алады. Яғни біз сапасына кепілдік береміз. Былғарының құрылымы бұзылмаған. Терінің тығыздығы жақсы сақталған. Сондықтар түсіп қалмайды және ұзақ жылдар қызмет етеді.»
Сапалы ішіктерді ақшаңызды қолма-қол немесе 6 айға еш өсімсіз бөліп төлеп, ала аласыз. Тіпті 3 жылға несиеге рәсімдеуге болады. Мекенжайы: Темірлан тасжолы, №19, Әл-Фараби сауда үйінің жанында. Жиһаз павильоны. Көрме демалыссыз жұмыс жасайды. Асығыңыз, ішіктер тек жаңа жылға дейін ғана сатылады.
Махаббат Әбдешова