«Союз меха» жәрмеңкесі жалғасады

625

Суық ауа райында, әсіресе, қар мол жауғанда ішік киюдің уақыты келеді. Сырт киімнің осы түрі қыз-келіншектердің көңілін көтерері анық. Осы тұста айтар жаңалық бар – Шымкентте ерекше тондардың жәрмеңкесі өтіп жатыр. Ондағы көпшілік назарына ұсынылған бірегей ішіктерге біздің әріптесіміз де тәнті болып қайтты.

"Союз меха" жәрмеңкесі жалғасады

Ресейлік «Союз меха» компаниясы жоғары сапалы өнімдерімен әлемге танымал. Бірінен-бірі өтіп, көздің жауын алатын тонның ішінен таңдау жасау да оңай емес. Мұндағы мамандар биыл түрлі аң терілерінен қиюластырып тігілген тондар мен ашық түсті ішіктердің сәнге айналғанын айтады.

Жансая Қожахметова, «Союз меха» жәрмеңкесінің директоры: «Тон жәрмеңкесі бүгіннен бастап ашылды. Шымкент қаласының тұрғындары әдемі киінгенді ұнатады. Сондықтан бұл жолы ең соңғы сәнге кірген сырт киімдерді алып келдік. Сапасы да жақсы. Осыған орай жәрмеңкені 16 ақпанға дейін жалғастырамыз. Тондардың барлығы арнайы сызба-үлгімен тігілген. Бағасы да қолжетімді. Сондай-ақ, әр тонға 30 пайыз жеңілдіктер қарастырылған.»

Өзіндік тәсілмен тігілген қарақұндыз, түлкі жағалы ішіктер мен тондар,өнімнің түр-түрі осында. Көрмеге келген шымкенттіктерге бұл тондардың сапасы да, бағасы да ұнады. Зауыттан тікелей жеткізілген сырт киімдердің бағасы нарықтағы өнімнен едәуір арзан. Мутон, яғни, австралия қойының терісінен тігілген тондар да сәннен қалмайды. Жүргізуші әйелдерге арналған қысқа тондар да сұранысқа ие. Сәнқойлар эксклюзив үлгідегі киімдерді бірден алуда.

Бұлғын ішік, қаракөл елтірісінен тігілген тон, тағысын тағылар сіздің де көңіліңізден шығары анық. Мұнда сіз тондардың барлық өлшемін таба аласыз. Дене бітімі толықтар да мұнда өзіне қажетті сырт киімді қиналмай таба алады. Классикалық үлгілердің де таңдауы кең. Ең бастысы – тауарларға жеңілдіктер бар. Саудаласуға да болады. Тіпті, банк арқылы бөліп төлеп, несиеге де рәсімдей аласыз. Ендеше, мүмкіндігіңізді мүлт жіберіп алмаңыз. Тондар жәрмеңкесі орталық көрмеде 16 ақпанға дейін жалғасады.

Гүлжан Байназарова