Шымкент тұрғындарын миллион теңгеге алдаған алаяқтар ұсталды

Шымкент қаласының  полицейлері қала тұрғындарын миллион теңгеге алдаған алаяқтарды ұстады. Тәртіп сақшылары онға жуық тұрғын арызданып келген. Онда мемлекеттік бағдарламамен үй және ақша алып беремін дегендер жәбірленушілерден ақшаларын алып кеткенін көрсеткен.

Мысалы, Әл Фараби ауданы аумағында осындай алаяқтыққа қатысы бар 40 жастағы әйел ұсталды. Қала тұрғыны азаматтардың сеніміне кіріп, ақшалай және үй алып беруге көмектесетінін айтқан. Мысалы, 29 жастағы жәбірленушіден 45 мың теңгесін алып, «Өрлеу» мемлекеттік бағдарламасы арқылы ақша алып беруге уәде етіпті. Тергеушілер қазіргі таңда күдіктінің 35 алаяқтыққа қатысы бар екенін анықтады. Күдікті осылайша жәбірленушілерден миллионнан астам теңге алып кеткен.

Шымкент тұрғындарын миллион теңгеге алдаған алаяқтар ұсталды

Бұған қоса Еңбекші аудандарының полицейлері «Өрлеу» мемлекеттік бағдарламасына қатысты алаяқтық жайттарды анықтады. Мысалы, жедел іздестіру шаралары барысында ұсталған 29 жастағы азаматтың 25 алаяқтық жайтына қатысы бары анықталды. Ол қала тұрғындарына мемлекеттік бағдарламамен ақша алуға көмектесетінін айтып, әр адамнан 50 мың теңгеден алып отырған. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі миллион теңгеден асып отыр.

Шымкент тұрғындарын миллион теңгеге алдаған алаяқтар ұсталды

Ал Қаратау ауданында ұсталған 30 жастағы тұрғын қаланың үш тұрғынын алдаған. Күдікті алаяқтық жолмен жәбірленушілерге шамамен миллион теңге шығын келтірген. Қазіргі таңда осы оқиғаларға байланысты қылмысты кодекстің 190-бабымен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Осы орайда тәртіп сақшылары алаяқтардың құрбаны болмас үшін бейтаныс азаматтармен қарым-қатынас барысында сақ болуды ескертеді. Егер сіз осындай қылмыстың жәбірленушісі немесе куәгері болсаңыз, тез арада 102 нөмірі арқылы полицияға хабар беріңіз.