Шымкентте Crystal Study білім беру орталығы ашылды

949
Crystal Study Group

Шымкентте Crystal Study Group білім беру орталығының екінші филиалы ашылды. Мұнда тіл үйретудің және білім берудің кең таңдауы ұсынылады. Балалар мен ересектерге арналған оқу орталығында шетелде білім алуды ұйымдастыру туралы кеңес берудің кешенді бағдарламасы қарастырылған.

Білім беру орталығының жаңа бөлімі Шымкенттің қақ ортасында, Қазыбек би көшесінде ашылды. Мектептердің маңында орналасқандықтан балалар мен ата-аналарға да ыңғайлы. Шымкентте бес жылдан бері жұмыс істейтін ррталық білім беру мен тіл үйренудің кең таңдауын ұсынады. Оқытудың жаңа әдістері іш пыстырарлықтан арылтып, баланың қызығушылығын арттырады.

Crystal Study Group

Crystal Study Group әлемнің 30 елінде Work and travel студенттік бағдарлама бойынша білім алуды ұйымдасыруға кеңес береді. Оқу орталығының түлектері әлемнің Кэмбридж, Оксфорд, Гарвард, Стэнфорд сынды әйгілі оқу орындарында білім алуда.

Оқу орталығы балаларды бес жастан қабылдайды. Балғындар үшін мұнда жақында ұзартылған топтар жұмыс істейтін болады. Ыстық тамақ пен демалу бөлмесі де қарастырылған. Мұнда шетелге саяхаттар мен ағылшын тілін үйренудің каникулдық бағдарламалары да қолға алынған.

Crystal Study Group

Crystal Study Group оқу орталығы Қазыбек би көшесіндегі № 51 үйде, № 9 мектепке қарсы бетте және Нұрсәт шағынауданы, № 115 үй, № 80 мектепке қарама қарсы орналасқан.

Жанар Есенбекова