Бар жаңалық — балаларға. Шымкентте жаңадан «Балалар әлемі» дүкені ашылды. Гиперхаус сауда үйіндегі сөрелерде бүлдіршіндер үшін жаңа үлгідегі киім-кешектер мен түрлі қажетті тауар түрлері саудалана бастады. Ең бастысы, ертегілер мен ғажайыпқа жаны құмар балаларға жаңа жылдық жәрмеңке ұйымдастырылған. Бұл жәрмеңкемен қоса «Балалар әлемінде» таңдаулы тауарларға жеңілдіктер де қарастырылыпты.
«Балалар әлеміне» бас сұққан Тамараның таңданысында шек жоқ. Қызына қонымды бұйым іздеген ол мұндағы сырт киімнің сан алуан түрін көріп, таң қалғанын жасырмады. Ресейлік сапалы бұйымдардың бұншалықты арзан және талғамнан шығуы көңіл қуантады дейді Тамара.
Тамара Ершова: «Шынымды айтсам, көп дүкендердегі жеңілдіктерді көріп жүрмін. Акция деген аты болмаса, бағасында айырмашылық жоқ. Ал мұнда келсем, расымен де жеңілдігі бар екен. Бағасы қалтаға қолайлы екенін көріп, қызымды киіндіруге кірістім.»
Айта кету керек, бұл «Балалар әлемі» — Шымкенттегі үшінші дүкен. Оңтүстік Қазақстан облысындағы қарқынды демографиялық өсімді ескерген кәсіпкерлер осындағы нарықты кеңейтуді ұйғарыпты. 1200 шаршы метр аумақты алып жатқан дүкенде баланы басынан бақайшағына дейін түгелдей киіндіруге болады. Сәбилерге арналған тағам түрлерінің де кең таңдауы осында. Ойыншықтар мен қуыршақтар, мектепке қажетті құралдар және гигиеналық бұйымдар сияқты бүлдіршіндерге қажетті бұйымның бәрін осы жерден табуға болады.
Руслан Мишон, аймақтық басқарушы: Қазақстанда «Балалар әлемі» сауда желісі жақсы жолға қойылған. Бізде қазір 10 қалада 19 дүкен жұмыс істеп жатыр. Олар Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай Орал және Шымкентте ашылған. Шымқаладағы дүкеннің үшіншісі — осы. Мұнда жаңадан туылған нәрестелерден 12 жасқа дейінгі бүлдіршіндерге керекті тауарлардың барлығы бар. Баланы бастан-аяқ тиімді бағада осы жерден киіндіріп алуға болады. Бұйымдар мен тұтыну тауарларының сапасына өзіміз кепіл береміз. Бұған қоса сатып алынған заттардың бір парасы балалар үйіне тұрақты түрде жіберіліп отырады.»
Айта кету керек, жаңадан ашылған «Балалар әлемі» дүкенінде 35 мың тауар түрі бар екен. Оның 90 пайызы — ресейлік бұйымдар. Қалған 10 пайызы Қазақстанда жасалған. Олардың басым бөлігі тағам түрлері екен. Кішкентай тұтынушыларға есігін айқара ашқан дүкенде жаңа жылдық жәрмеңке де ұйымдастырылған. Ондағы сөрелерде таңғажайып тауарлар кездеседі. Бұдан бөлек дүкеннің ашылуына орай кез келген бұйымдарға 30-70 пайыздық жеңілдіктер ұсынып отыр. Қысқаша қайырғанда, бүлдіршініңізді ерекше қуантып, бал-бұл жайнаған жүзін көргіңіз келсе, «Балалар әлемі» дүкеніне бас сұғыңыз.
Мақсат Жақсыбаев