Шымкенттегі көлік-логистикалық орталығының жұмысы қыза түсті

561
Шымкенттегі көлік-логистикалық орталығының жұмысы қыза түсті

Шымкенттегі көлік-логистикалық орталығының бүгінгі жұмысы қарқынды. Мұнда құрғақ және климаттық қоймалардан бөлек контейнерлік терминал, кедендік ресімдеу аймағы мен ілеспелі құрылымдары қауырт жұмыс кестесіне көшкен. Келісім-шарт негізінде көрші облыстардан жеткізілген көкөніс замануи талаптарға сай жайғастырылған. Бұл жүйе қоймалардағы қарапайым жүктерді қоспағанда Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан мен Ресейден жеткізілетін жеміс-көкөніс өнімдерді сақтауға үлкен септігін тигізуде.

Көлік-логистикалық орталығындағы А+ санатындағы «Continental Logistics Shymkent» кешенінің іске қосылғанына бір ай да толмады. Қойма басшылары аз уақыттың ішінде өңіріміздегі шаруа қожалықтары және көрші облыстардағы шаруашылықтармен келісім-шарт түзіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін қабылдауда. 19 камераның үшеуінде бүгінде көкөніс сақталуда.

Шымкенттегі көлік-логистикалық орталығының жұмысы қыза түсті

Халықаралық талаптарға сай «А» санатындағы климаттық қоймалардан бөлек мұнда құрғақ қоймалар да қарастырылған. Замануи құрылғылармен жабдықталған бұл қоймада қант, ұн, су, жалпы бакалея және әрлеуге арналған заттар мен бояулар да сақталады. Бұдан бөлек 92 гектар алаңда орналасқан көлік-логистикалық орталығының аумағында контейнерлік терминалдың құрылысы аяқталуға жақын. Мұнда кедендік ресімдеу аймағы мен ілеспелі құрылымдары бар.

Шымкенттегі көлік-логистикалық орталығының жұмысы қыза түсті

Батыс Европа — Батыс Қытай көлік магистраліне және әуежайға жақын орналасқан «Continental Logitics Shymkent» жаңа көліктік-логистикалық орталығында тікелей теміржол желісі де қарастырылған. Мұндағы мамандар маркетинг пен менеджментті кеңінен қолдана отырып кешеннің мүмкіндіктерін толық пайдалануға кіріскен. Нәтижесін 2018 жылдың алғашқы тоқсанында көреміз деп бекініп отыр.

Шынар Оразова