Úı ANONS Ескі қалада қоймадан шыққан өрт сөндірілді

Ескі қалада қоймадан шыққан өрт сөндірілді

Ескі қаладағы Әйтеке би көшесінің бойындағы құрылыс дүкенінің артындағы қойма өртенді. Қойманың жалпы ауданы 250 шаршы метрді құрайды, оның 150 шаршы метрі жанып кетті. Құтқарушылардың айтуынша, зардап шеккендер  жоқ.

Өртті сөндіруге 16 бірлік арнайы техника мен жеке құрамнан 64 адам жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі әлі анықталған жоқ. Өрт сөндірушілердің айтуынша, нұсқалар қысқа тұйықталудан отты абайсыз ұстауға дейін әртүрлі болуы мүмкін.