Шымкенттің бірқатар кәсіпкері марапатталды

429
Шымкенттің бірқатар кәсіпкері марапатталды

Шымкентте қаланың гүлденіп-көркеюіне үлес қосқан бірқатар кәсіпкер құрметке бөленді. «Туған жерім – алтын бесігім» форумы аясында өткен іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев, қалалық мәслихаттың хатшысы Нұрлан Бекназаров, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исамуддин Рысбай қатысты.

Шаһар басшысы Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне әлеуметтік тұрғыдан көмектесіп, тұрғындардың қажеттілігі үшін нысандар салып, аз қамтылған отбасы балаларына қамқорлық жасаған жомарт жандарды марапаттады. Олардың қатарында кәсіпкерлер Мағауия Тұрысбеков, Тастан Жүнісов, Жұмағали Білісбеков, Әбілқасым Досболов, Рәшкүл Оспанәлиева және Гауһар Исқақова бар.

Шымкенттің бірқатар кәсіпкері марапатталды

Бұдан бөлек қоғамдық өмірге белсене атсалысқан бірқатар ардагерлерге қала әкімінің алғыс хаты мен қалалық мәслихаттың және «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалының грамоталары тапсырылды.

Форум барысында ардагерлер қала басшысына Шымқаладағы біршама өзекті мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлерін айтты. Қазақстан Республикасының құрметті журналисті Б. Қонысбек Қошқар ата, Бадам өзендерін көркейту жұмыстары жарты жолда қалып қойғанын, ал облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Ү. Айтөреева жұмысын тоқтатқан балалар теміржолының тағдырына тоқталып, осы мәселе оң шешілсе деген ұсынысын жеткізді.