Шымкенттің дамуына үлес қосқандар марапатталды

322
Шымкенттің дамуына үлес қосқандар марапатталды

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев түрлі сала қызметкерлерін құттықтап, өз ісіне жауапкершілікпен қараған үздіктерге алғыс білдірді.

– Шымкент қаласында қызмет ететін әр тұрғынды шаһардың дамуына, өсіп-өркендеуіне, гүлденуіне өзіндік үлесін қосып жүрген азамат деп білемін. Елбасымыз Н.Назарбаевтың бізге берген бағытын негізге ала отырып, бұл салада сіздермен бірге әлі де талай жобаларды жүзеге асырамыз. Жаңа жыл сіздерге шығармашылық шабыт, мол табыс әкелсін. Елімізде, әрбір отбасында тыныштық пен татулық мәңгі тұрақтасын, – деді қала әкімі.

Шымкенттің дамуына үлес қосқандар марапатталды

Марапаттау рәсіміне қалалық мәслихаттың хатшысы Н. Бекназаров, қала әкімінің орынбасарлары мен құрылымдық бөлім басшылары, БАҚ өкілдері қатысып, сала үздіктерінің қуанышына ортақтасты. Банк, мемлекеттік, қорғаныс және әлеуметтік қызмет көрсету саласының өкілдері, төбе билер, сәулетші, дәрігер сынды білікті 20 үздік азамат Шымкент қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Шымкенттің дамуына үлес қосқандар марапатталды

Олардың қатарында Қазақстанның ипотекалық компаниясының жергілікті өкілі Елжан Байтанаев, қалалық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Мадияр Жақсыбаев, «Панорама Шымкента» газеті бас редакторының орынбасары Эльмира Бердіғалиева сынды өз ісінің үздіктері бар.

Шымкенттің дамуына үлес қосқандар марапатталды

Салтанатты шарада қала әкімі жыл көлемінде өңіріміздің жеткен жетістіктері мен атқарылған ауқымды жобаларға тоқталып, барша қала тұрғындарын жаңа жыл мерекесімен құттықтады.