Облыстық кәсіпкерлер палатасы Шымкент қаласының бас жоспарының инвестициялық картасын таныстырды.
shymkent.genplan.kz сілтемесі арқылы ашылатын картада аудандардың әкімшілік шекаралары, ғимараттардың мекенжайлары, көлік жолдары мен қызыл сызықтар көрсетілген. Пайдалануға берілетін жер учаскелері мен оларды игеру мақсаты да енгізіліпті. Тіпті нысандары сүрілетін аумақтарды да көруге болады екен.
Картаны жасатуға Шымкент қаласының әкімдігі 28 млн теңге бөлген. Әйткенмен телефонның мобильді браузері арқылы қолдану ыңғайсыздық тудырады. Сондықтан смартфондарға арналған мобильді қосымшасын жасау ұсынысы айтылды.
Қазақстанда мұндай интерактивті карта үшінші рет жасалып отыр. Бұған дейін Астана мен Алматы қалаларының картасы әзірленген.
Жәнібек Нұрыш