Шымкенттің офтальмологтары BestMed клиникасында тәжірибе алмасты

525
Шымкенттің офтальмологтары BestMed клиникасында тәжірибе алмасты

Шымкенттің білікті дәрігерлері BestMed клиникасында тәжірибе алмасты. Көп салалы медициналық мекемеде бас қосқан офтольмологтар көз ауруын заманауи әдіспен емдеу жолын талқыға салды. Айта кетейік, «БэстМед» клиникасы — жоғары сапада қызмет көрсететін медицина орталығы. Жекеменшік орталықта көрсетілетін қызмет түрі жылдан жылға артып келеді.

Силкин Василий — жоғары дәрежелі көз дәрігері. Отыз жылдан аса тәжірбиесі бар маманның шеберлік сабағына Шымкенттегі офтольмологтар қатысты. Білікті мамандардың бас қосуы «БестМед» клиникасында кездейсоқ өткен жоқ. Өйткені әлеуметтік мекеме медициналық қызмет көрсетуде үздік екендерін дәлелдеген.

Шымкенттің офтальмологтары BestMed клиникасында тәжірибе алмасты

Ибраим Қарақұлов, «Медик Сервис» ЖШС-нің директоры: «Бүгін семинарда көз аурулары жөнінде талқыладық. Соның ішінде көздің қабынуы. Негізі, соңғы кездері көз аурулары көбейіп кетті. Атап айтқанда, көздің алдыңғы бөлігінің қабынуы. Мұндай ауру кезінде лабораториялық анализдерді қолдану қажет. Өйткені анализдер ауруды емдеуге зор мүмкіндік береді.»

Шымкенттің офтальмологтары BestMed клиникасында тәжірибе алмасты

«Бестмед» көп салалы клиникасында 13 түрлі дәрігер қызмет көрсетеді. Атап айтқанда кардиолог, гинеколог, уролог, тіс дәрігері, лор, педиатр, логопед, невропатолог және көз дәрігерінің қызметі бар. Ең бастысы, медициналық орталық жоғары технологиялық замауи жабдықтармен қамтылған. Мұнда дәрігерлер УДЗ аппаратының көмегімен нақты диагоз қоя алады. Сондай-ақ көп салалы клиникада лабораториялық анализдердің сан түрі бар. Мұндағы білікті мамандар кез-келген науқастың дауасын емдеуге әзір.

Силкин Василий, жоғары дәрежелі дәрігер-офтольмолог: «Біз клиникада көз ауруын емдеуде жаңа тәсіл қолданудамыз. Яғни, лабораториялық анализдер. Бұл үшін клиниканың барлық мүмкіндігі бар. Біз науқастарды осы жаңа мүмкіндіктерді пайдалана отырып емдейміз.»

Шымкенттің офтальмологтары BestMed клиникасында тәжірибе алмасты

Емхана қызметкерлерінің кәсіби деңгейіне күмән жоқ деп сендіреді орталық басшысы. Бастысы мұнда амбулаторлық ем қабылдауға да мүмкіндіктер бар. Қызметкерлерінің басым бөлігі шетелде жоғары білім алып, тәжірибесін де арттырып қайтқан.

Клиниканың мекенжайы: Шымкент қаласы, Гагарин көшесі, №37 үй.

Телефон нөмірі: 40-33-41, 8-707-490-30-30

Лаура Нахыпқызы