Қайырымды жандар мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап жаңа жыл кешін ұйымдастырды. Шымкент қаласы әкімдігі, славян этно-мәдени орталығы және «Понтос» мейрамханасының ұжымы 60-тан астам денсаулығында кінәраты бар балаларға арнап дастархан жайып, мерекелік концерт қойып, балалардың көңілін көтерді.
Ұйымдастырушылар бұдан бөлек әр балаға сыйлық жасады. Мерекелік кешке арнайы дайындалған концерттік бағдарлама да ұсынды. Жомарт жандар қамкөңіл балаларды осылайша қуанышқа кенелтті. Қоғамдағы әр бала мейлі ол дені сау он екі мүшесі толық бала болсын, мейлі мүмкіндігі шектеулі бала болсын қоғам назарынан тыс қалмайтындығына осындай іс-шаралар дәлел.
Кешке қатысқан әр бала қайырымды жандардың ерекше ықыласына тәнті болды. Әсіресе балаларына осынай қуаныш сыйлағанына ата-аналар бек қуанды. Көңілі тасып қуанған ата-аналар ұйымдастырушыларға алғыстарын жаудырды.