Төлебиде кооперативке біріккен фермерлер құс шаруашылығын дамытуда

397
Төлебиде кооперативке біріккен фермерлер құс шаруашылығын дамытуда

Мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырлуын пысықтау мақсатында Төле би ауданына жасаған жұмыс сапары барысында облыс әкімі Ж.Түймебаев бастаған бірқатар облыстық мәслихаттың депутаттары ауданда атқарылған игі істердің куәсі болды.

Жұмысшы топ ең алдымен Киелітас ауыл округіндегі құрылысы жүріп жатқан өнеркәсіптің бірі – «Ленгер құс» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің жағдайын көрді. Жиырма мүшенің басын қосатын кооперативке біріккен құс фермасының құрылысы аяқталуға жақын. Кооператив мүшелерінің айтуынша, өткізген еттің әр келісіне 80 теңгеден, ал жемге 20 теңгеден субсидия алатын болады. Жоба толықтай іске қосылғанда жылына 200 тоннаға жуық құс етін өндіреміз деп отырған шаруалар тауарларын «Шымкент құс» кәсіпорнына өткізетін болады. Жылына 6 айналымда жұмыс істейтін құс фермасы құстарды 35-40 күн бағамыз дейді. Сонымен қатар олар кооперативке бірігуінің нәиижесінде сатып алынған құрал-жабдықтарға кеткен шығынның 50 пайызы мемлекет тарапынан субсидияланып отырғанын айтты.

Төлебиде кооперативке біріккен фермерлер құс шаруашылығын дамытуда

Сапар барысында аймақ басшысы Леңгір қаласындғы «Янгуан» ЖШС жиһаз жасайтын цехын аралап көрді. Өткен жылы жұмысын бастаған кәсіпорынға тартылған инвестиция көлемі 100 млн теңгені құрайды. Бір айда 500-ден астам жиһаз жасайтын кәсіпорын өткен жылы алты мыңнан астам орындық, ал биылғы он айда алты мың бес жүзге жуық орындық жасап шығарған. Кәсіпорында 50 адам жұмыс жасайды. Орындықтарды жасауға қажетті ағаш Петропавл, Павлодар қалаларынан тасымалданады екен.

Төлебиде кооперативке біріккен фермерлер құс шаруашылығын дамытуда

Өңір басшысы Аққұм ауыл округіндегі «Тұмар» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінде болып, осындағы жұмыспен танысты. Өндірістік кооператив АИО «Оңтүстік» 53 млн теңге, ал «Қаз Агро» қаржылай орталығы арқылы 53 млн. теңге несие алған. Жылына 75 мың тоннаға жуық ет өндіріп, экспортқа шығаруды жоспарлап отырған мал сою цехында күніне 100 бас ірі қара союға мүмкіндік бар. Мұнда 25 адам жұмыспен қамтылып отыр. Бүгінде етті шетел нарығына шығару үшін бірқатар елдермен келісімдер жүргізілуде.

Төлебиде кооперативке біріккен фермерлер құс шаруашылығын дамытуда

Табиғаты туризм саласын дамытуға әбден лайық аймақта облыс әкімі Ғайып Ерен Қырық Шілтен орнына барып, қайырымдылық қорының жұмысымен танысты. 1993 жылы құрылған «Ғайып Ерен Қырық Шілтен» қайрымдылық қорының төрағасы Мұхтар Нақыпбеков киелі орынға жылына екі жарым мыңға жуық адам келіп кететінін атап өтті. Сонымен қатар аумағы екі гектар орында келушілерге ыңғайлы жағдай жасау үшін 100 орынды қонақ үйдің құрылысы да жүргізіліп жатқанын жеткізді. Мұнда туристерге арналған қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпынан сыр шертетін шағын мұражай да бар.

Төлебиде кооперативке біріккен фермерлер құс шаруашылығын дамытуда

Ауданға жасаған жұмыс сапарын қорытындылаған облыс әкімі атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, бұл әр саладағы жаңа бағыт-бағдар арқылы жұмыс жасаудың арқасында қол жеткізілген нәтиже екенін атап өтті. Сонымен қатар әкім Тәуелсіздік алған 25 жылда ауданда көпқабатты үйлер салынып, 480 отбасыны баспанамен қамту мүмкін болған емес екенін айтты.

Төлебиде кооперативке біріккен фермерлер құс шаруашылығын дамытуда

Бүгінде Елбасынының тапсырмасының негізінде жасалған үкіметтің қолдауымен көптеген шаруа қожалықтары мен өндіріс орындары өз кәсіптерін дамытты. Мемлекеттен берілетін субсидияның арқасында мал сою бекетіне өткізілетін ірі қара бастың бағасы базардағы нарықтан жоғары болып отырғанын жеткізді.

Төлебиде кооперативке біріккен фермерлер құс шаруашылығын дамытуда

Осылайша тәуелсіз еліміздің тұрғындарының әл ауқаты мен тұрмыс деңгейі көтеріліп келетінін айтқан Ж.Түймебаев осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыруды аудан әкіміне міндеттеді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі