Шымкентте автобус өртенді (видео)

267

Шымкенттегі Жібек жолы көшесінің бойында қоғамдық көлік өртенді.  № 22 бағытта қатынайтын автобус түгел жанып кеткен.

Облыстық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, оқиға Жібек жолы көшесінің бойында, «Балдырған» аялдамасы маңында болған. Қоғамдық көліктен өрт шыға бастағанын Шымкент ішкі істер басқармасының жедел басқару орталығының қызметкерлері байқаған. Олар өртті сонда орнатылған бейнебақылау камераларынан көріп, оқиға орнына экипажды жіберген. Одан кейін  облыстық Төтенше жағдай департаментіне хабар берген.

Автобустың ішінде көлік жүргізушісі, кондуктор мен екі жолаушы болған. Барлығы да құтқарылып, ешкім зардап шекпеді. Ал автобустың 2014 жылы шығарылғаны және «Бекзат Сервис» ЖШС-іне тиесілі екені белгілі болды.