Темір жол бойында өзгені құтқарамын деп өзі бақилық болды

612

Оңтүстікте екі бойжеткенді пойыздан құтқармақ болған жігіттің өзі қаза тапты. Марқұм азамат шойын жолда студенттердің бірін аман алып қалды. Ал, тағы бір бойжеткенді құтқармақ болған кезінде оны пойыз қағып кеткен.

Өзінің өмірін қиып, өзгенің өмірін құтқарып қалған жігіт Сайрам ауданы, Ақсукент ауылының тұрғыны Немат Махмудов. Оқыс оқиға алтыншы ақпан күні Сайрам ауданы, Ақсукент ауылынындағы темір жол аумағында болған. Дәл осы күні Немат темір жолдан өтіп келе жатып, құлаққап киген екі қызды байқап қалады. Екі бойжеткен құлаққаптан музыка тыңдап келе жатып, пойыздың дауысын естімеген көрінеді. Немат болса, ойланбастан оларды ажалдан арашалаймын деп өзі мерт болған.

Нематтың әкесі : «Үнемі жанындағы адамдарға көмек қолын созып жүретін. Енді өзі де біреуді құтқарамын деп бақилық болды. Екі күн ауруханада өмірімен күресіп жатты. Ақыры жан тапсырды. Ерлікпен қаза тапты. Бірақ ұлым үшін жаным ауырады. Қайғылы жағдайға байланысты полицейлерден ешкім іздеп келмеді».

Оқыс оқиғадан аман қалған бойжеткендердің бірінен сұхбат алдық. Бірақ студент қыз болған жағдайды басқаша баяндады. Айтуынша, Немат өзгенің өмірін құтқарып емес,
темір жолдан өтіп бара жатып қаза тапқан.

Лаура Мамырова