1 орынға 20 адамнан…

504

Үнемі алдыңғы орындардан көрінетін күнгейліктер тағы да қара үзіп отыр. Жаман жағынан емес…

Оңтүстікқазақстандықтардың мемлекеттік қызметке деген құлшынысы алабөтен. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың айтуынша мемлекеттік қызмет лауазымдарына жарияланған конкурстарға өтініш білдіргендердің арасында күнгейліктер көш басында келеді екен.

Мәселен Оңтүстік Қазақстан облысында 1 орынға 20 адамнан келеді екен. Бұл көрсеткіш Астанада 13 болса, Қарағанды облысында бір орынға 9 адам таласады. Биылғы жыл басында агенттіктің аймақтық департаменттерінде мемлекеттік қызметке жарияланған конкурстардағы орын саны 85 болса, оған 510 өтініш түскен.

Мемлекеттік қызметкер атанғысы келген үміткерлердің арасында бүгінде жұмыс атқарып жүрген қызметкерлер, екінші деңгейлі банк қызметкерлері басым.