34 мыңнан астам адам баспана кезегінде тұр

582

Шымкентте 34 мыңнан аса адам баспана кезегінде тұр. Жыл сайын пәтерлер үлестіріліп жатқанымен, кезек азаяр емес. Салаға жауаптылар әр азамат кезегін онлайн бақылай алады дейді.

Ал тұрғындар қордаланған сауалдарымен тұрғын үй қатынастары бөліміне жиі барады. Бұл жолы мамандар арнайы кездесу ұйымдастырып, баспаналы болудың заңдылығымен таныстырды.

Бөлім басшыларының тұрғындармен кездесуі төбелеспен басталды. Бұл жолы нәзік жандылар микрофонға таласып, дау шығарды. Оларды жұдырықтасуға итермелеген – баспана мәселесі. Кездесуге келгендердің басым бөлігі талай жылдан бері баспана кезегінде тұрғандарын айта келген. Бірі сол кезекті баяу жылжитынына шағымданса, енді бірі жоғарыға айтып, көмек сұрайтынын жеткізді.

Менің мүгедек балам мен қызым бар үйімнің іші толған тышқан шаян адам демала алмайды .маған қалай болғанда да пәтер беріңіздер болмаса астанаға барамын

«Достық» шағынауданында әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылары үшін 4 котедж салынған. Ол тұрғын үй қатынастары бөлімінің баланысында болғандықтан, отырғандар жөндеу жұмыстарын жүргізе алмай келеді. Бірі жөндеуден өткізіп берсе десе, енді бірі жекешелендіріп алуды армандайды.

Гүлнар Әшірбаева: «Ол үйлерді жекешелендіру жоллары бойынша сіздерге бірнеше мәрте түсіндіргенбіз. Сатып алу үшін 1 млн теңге құю керек, ал ондай ақша болмаса 11 жылға бөліп төлейтін жолын да айтқанбыз. Ал жөндеу жасау сізге берілген үй болғаннан кейін күтіп ұстау қажет. Енді қала әкіміне арыз жазсаңыз бюджеттен жөндеуге мүмкіндік болса, жасап береді».

Тұрғын үй қатынастары бөліміне сауал қоюға жиналған жерлестеріміз көп болмады. Сала мамандарының айтуынша, біздің қалада баспана мәселесі оң шешімін тауып келеді. Кез-келген азамат кезегін ғаламтор арқылы бақылай алады. Биылдың өзінде жалпы кезекте тұрған 1000-нан астам шымкенттіктер баспаналы болыпты.

Нұрлан Күдерұлы