«Шымкент» ӘКК» игерілмеген жерлерді қолға алмақ

444

«Шымкент» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» игерілмеген жерлерді қолға алмақ. Корпарация өкілдері облыстағы бос жатқан жерлерге инвестиция тартуды көздеп отыр. Бұл туралы бүгін өткен жылды қорытып есеп берген ұйым басшылары жеткізді.

Былтыр корпорация 70 млрд. теңгенің жобасын қаржыландырған. Биыл да жоспар көп дейді мамандар. Алдағы уақытта ұйым құрылыс, ауылшаруашылығы, цифровизация салаларында бірқатар басталамаларды жүзеге асырамыз деп отыр.

Жауаптылар баға тұрақтандыруда да қадағалау шараларын жүргізіп жатырмыз деп сендірді. Айтуларынша, тұрақтандыру қоры құрылғалы, халық ең көп тұтынатын азық-түліктердің құны тиісті деңгейден аспаған. Бүгінде картоп, ұн, май өнімдерінің қоры жеткілікті және олардың бағасын қымбаттап кетпеуін жіті бақылап отырамыз деп сендірді корпорация өкілдері.