350 мың теңгенің құны… 2 жыл

375

Мақтарал АІІБ-нің кезекші бөліміне ауруханадан оларға ер азаматты дене жарақатымен жеткізгендігі туралы хабар келіп түскен.

Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер Жетісай қаласындағы қонақүйлердің бірінің жанында 29 жасар жәбірленушіге белгісіз тұлғалар шабуыл жасап, ұрғандығын және оның 350 мың теңгесін ұрлап әкеткендігін анықтаған.

Аталған жайт нгеізінде ҚР ҚК-нің «тонау» бабы бойынша СДТБТ-не тіркелді.
Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Мақтарал АІІБ-нің қызметкерлері күдікті ретінде жергілікті жердің 1993 және 1994 жылы туылған тұрғындарын анықтап, ұстады.

Тонау жайты бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі таңда жас жігіттердің үстінен соттың шешімімен шартты түрде екі жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарылған.

ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы