Неке бұзу медиация тәртібімен шешілуде

861
Матрица.kz

Арыс аудандық сотында қорғаушылардың, кәсіби емес медиаторлардың және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Неке бұзу істерінде медиация және партисипативтік келісімдерді бекіту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелде судья Г.Ерназарова баяндама жасап, аталған санаттағы істер бойынша статистикалық мәліметтер келтірді. 2017 жылы Арыс аудандық сотында неке бұзу туралы 142 азаматтық іс аяқталып, оның ішінде 27 азаматтық іс медиация тәртібімен тоқтатылған, ал 2018 жылдың 3 айында неке бұзу туралы 32 азаматтық іс аяқталып, оның ішінде 7 азаматтық іс медиация тәртібімен тоқтатылып, 1 азаматтық іс партисипативтік тәртіпте тоқтатылған.

Іс-шара соңында қатысушылар отбасы құндылығын дамытуды, неке бұзудың алдын-алу шаралары ретінде халық арасында үлгілі отбасыларды насихаттауды, жас отбасылар арасындағы түсініспеушіліктердің алдын-алуды және отбасы құндылығын насихаттауға бағытталған жастар арасында іс-шараларды жиі-жиі ұйымдастырып тұруды ұсынды.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі