Жыл басынан бері сот орындаушыларына қатысты 500 арыз түсіп, 68 заңбұзушылық анықталған. Өткен жылы 2 мыңға жуық арыз шағым келіп түссе, сот орындаушылардың әрекетінен 166 заңбұзушылық тіркелген. Бұл туралы облыстық сотта өткен дөңгелек үстелде айтылды.
«Сот актілерінің орындалуына қатысты кейбір мәселелер туралы» тақырыбында өткен басқосуға облыстық Әділет департаменті мамандары, судьялар мен екінші деңгейлі банк өкілдері мен сот орындаушылар қатысты. Әділет департаментінің бөлім басшысына жиынға қатысқандар тарапынан қойылған сұрақтар аз болмады.
3 млн.- ға жуық тұрғыны бар өңірде 232 ғана сот орындаушы бар. Оның 30- ы ғана мемлекеттік сот орындаушысы. Биылғы жылы сот орындаушылар палатасына оңтүстіктен 55 сот орындаушыға қатысты тәртіптік негізде ұсыныс жіберілген. Тағы 9 сот орындаушының лицензиясын тоқтату туралы ұсыныс жасалған. Дөңгелек үстелде ортақ мәселелер қаралып, ұсыныстар айтылды.