Дене шынықтыру залында ұрлықпен айналысқан күдікті ұсталды

575
Alibaba.com

Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, онда Шымкент қаласындағы дене шынықтыру залдарының біріндегі жеке шкафында болған әмиянынан белгісіз тұлға ақшасын ұрлап кеткенін көрсетеді. Сол күні полицияға тағы үш жергілікті тұрғын дәл сол дене шынықтыру залында ақшаларын ұрлатып алғанын айтып арызданады.

Аталған деректер Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-нің СДТБТ-не ҚР ҚК-нің /ұрлық/ бабымен тіркелді. Орын алған ұрлық деректері бойынша Абай ПБ-нің қызметкерлерінен құрылған жедел –іздестіру тобы учаскелік инспекторлармен бірлесе іздеу шараларын қолға алған. Нәтижесінде Шымкент қаласының тұрғыны, жас жігіт анықталып ұсталды.
Ұсталған күдікті ұрлық қылмысын дене шынықтыру залында іске асырып отырған. Ол сонда келген адамдардың шкафтағы заттарының бақылаусыз қалғанын пайдаланып әмияндарын ұрлап кетіп жүрген.

Қазіргі таңда полицейлер ұсталған күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеру үстінде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы