Оңтүстікте «Адал жол» марафоны жүріп жатыр

379
24.кз

Оңтүстікте алғаш рет «Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны өтіп жатыр. Марафон Шардара мен Мақтарал аудандарында өтіп, эстафетаны Сарыағаш ауданы алған.

Бұл қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында туындаған бастама. Сондай – ақ, азаматтармен тығыз байланыс орнатып, елмен етене жақын болу үшін «Қоғамдық бақылау картасы» әзірленді. Барлық әлеуметтік желілер мен ватсап арқылы да мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа байланысты сұрақ, өтініш, шағымдарды тікелей жолдауға болады.

Бүгінде күнгей тұрғындарынан 27 хат келіп түскен. Бұл да болса мәселенің тез, нақты шешілуіне сеп дайді жауаптылар. Арнайы колл орталығы қызметіне жүгінетінде аз емес екен. Бұл туралы ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің өткізген брифингте айтылды.

Былтыр ОҚО 626 мыңнан аса тұрғын электрондық қолтаңба алса, биылдың бірінші тоқсанында 266 мыңнан аса адам қолтаңбаға ие болған. Осылайша заманауи игілікті ұтымды қолдана білгендер жергілікті атқарушы органдардан 3 млн.- нан аса қызметті электронды түрде алған. Яғни, мемлекеттік қызметтердің 81 пайыздан астамы электронды деген сөз. Күнгейдегі 8769 мемлекеттік қызметкердің жылына екі мыңы кәсіби біліктілігін арттырып арнайы білім алады.