Шымкентте йога фестивалі өтеді

432

Шымкентте йога фестивалі өтеді. 2015 жылдан бері 21 маусым халықаралық йога күні ретінде аталып өтіліп келеді. Бұл күнді Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы бекіткен. Биыл тұңғыш рет Шымкентте ОҚО әкімдігінің және Үндістан елшілігінің, Аюрведа министрлігінің қолдауымен аталған шара қолға алынған.

Фестивальге Шымкенттің барлық йога студиялары қатысады. «Yoga fest Shymkent-2018» форматында өтетін фестивальге барлық тұрғындар мен қала қонақтары қатысуына мүмкіндігі бар. Әл Фараби алаңында сағат 18:00- де басталады. Кіру тегін.