Қазақстандықтар жиі тұтынатын шұжық өнімдерінен қауіпті инфекциялар анықталды

884

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті ағымдағы жылдың 7 айында өнімнің қауіпсіздігіне жүргізген мониторингтің нәтижелері бойынша қорытынды жариялады. Нәтижесінде еліміздің бірқатар өңірлерінің сауда орындарында сәйкес келмейтін өнімдер сатылғандығы бірнеше рет анықталды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрілігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі: «Мысалы, «Омский бекон» АҚ-ы «Популярная», «Бутербродная», «Южная», «Сельская», «Заречная», «Походная» шұжық өнімдерінде натрий нитриттерінің массалық үлесін 2-3 есеге, левомицетинді 1-2 есеге арттыруға, сондай-ақ, микробиологиялық көрсетікштер бойынша бұзушылыққа жол берілген.

«Микояновский мясокомбинат» ЖАҚ өндірісінің «Южное» және «Сытные» сосискаларында натрий нитриттерінің үлес салмағы артқаны анықталған, патогенді микрофлора және ішек таяқшалары тобының бактериясы анықталған.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі: «Царицыно» АҚ-ның шұжық өнімдерінде «Утренние» сосискаларында стафилококк анықталған. «Русская» шұжығында натрий нитриттерінің массалық үлесінің артуы, «Утренние» және «Бистро» сосискаларында патогендік жұқтыру анықталған.

«Курников» АӨК ЖШҚ-ы өндірісінің «Натуральный», «Крестьянский», «Хуторский» тартылған еттері және «Премиум» жартылай фабрикаты тамақ өнімдері қауіпсіздігінің микробиологиялық көрсеткіштері бойынша сәйкес келмейді.

Әрбір факті бойынша өнімнің сәйкес келмейтін партиясын алып тастау жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілген. Бүгінгі күні еліміздің уәкілетті органынан және өндірушілердің өздерінен олардың тиісті іс-шараларды жүргізетіні туралы хабарламалар алынды дейді салаға жауаптылар.

Лаура Нақыпқызы