Қырғызстандық депутат Ыстықкөлді жүзіп өтті

234
Фото baq.kz

«Issyk-Kul Swim Challenge» акциясына қатысқан Жогорку Кеңештегі “Бир Бол” фракциясының депутаты Бактыбек Турусбеков Ыстық көлдің теріскей жағасынан күнгей жағасына дейін жүзіп өтті, деп хабарлайды Baq.kz.

Жарыс барысында Тоң районының Кара-Талаа ауылынан бастап шығыс жақ жағалауға дейін 14 шақырымды жүзіп өту керек болған.

54 жастағы Бактыбек Турусбековпен бірге қазақстандық Арсений Елисеев, Дәулет Құрманбаев және қырғызстандық Кайрат Талантбеков сайысқа қатысты.
Көлді жүзіп өту барысында спортшылар арнайы мамандардың бақылауында болады. Жарыс 26 тамыз күні болады.

Аталған жарыс үш жылдан бері жалғасып келеді. Былтыр төрт спортшы қатысып, қырғызстандық Алмаз Қойшиев жеңіске жеткен. Ол белгіленген аралықты 4 сағат 49 минутта жүзіп өткен.

Бактыбек Турусбековтің қанша уақытта жүзіп өткені анық емес. Ол биыл Жогорку Кеңештің депутаттық мандатын алған.

Естеріңізде болса, бұған дейін қазақстандық екі азаматтың Ыстықкөлді жүзіп өту акциясына қатысатындығы туралы айтқан болатынбыз.