Астана қалалық ІІД өкілдері Алматы, Шымкент және Алматы облысының үш тұрғынының екінші денгейлі банктердің бірінің дефолты жайлы жалған хабарлама таратқанын анықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап.
Сәдубаевтың айтуынша, банктердің банкротқа ұшырағаны жайлы хабарламалар көлік иелері мен балабақша тәрбиеленушілерінің ата-аналарының чаттарында таралған.
«Жауапкершіліктің бар екенін түсінбей, ұялы телефонмен жалған хабарламалар таратқандар қылмыстық істегі күдіктілер ретінде саналады», — дейді ІІМ өкілдері. Жыл басынан бері ішкі істер органдарының өкілдері осындай 46 деректі тіркеген. Бұл үшін хабарлама таратушыға айыппұл салынады немесе ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені айтылады.