Бюджеттік мекемелер 100 пайыз жылу алып отыр

318

Шымкенттегі 1 848 көпқабатты үйдің 98 пайызы жылуға қосылып үлгерді. Сала мамандарының айтуынша, қалған 100 үй бүгін күннің соңына дейін толық қосылады.

Ал бюджеттік мекемелер 100 пайыз жылу алып отыр. Тек №40 бала — бақшада күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан жылуға қосылмаған. Ал қалаға жылу таратушы орталықтың ұстап тұрған температурасы 50 градусты құрайды.

Нұрлан Күдерұлы