Úı ANONS Абай ауданының әкімдігі жаңа қонысқа көшті

Абай ауданының әкімдігі жаңа қонысқа көшті

Шымкент қаласындағы Абай ауданы әкімінің аппараты тағы да қоныс аударды. Бұл жолы аудан әкімдігінің қызметкерлері Қазыбек би көшесіндегі №44 үйге орналасты.

Естеріңізге салар болсақ, бұған дейін әкім аппараты Байтулы баба көшесіндегі №6\1 үйде болатын. Араға ай салмай тағы көшуіне жалға алынған ғимарат бағасының қымбатауы себеп болыпты.