Úı ANONS Балалар кітапханасы жаңа ғимаратқа көшті

Балалар кітапханасы жаңа ғимаратқа көшті

 Түркістанда балалардың білім мен руханият ордасы жаңа ғимаратқа қоныстанды. 65 жылдан бері оқырмандарға қызмет көрсетіп келе жатқан Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасына заманауи нысан пайдалануға берілді. Құны 481 миллион теңгеден асатын ғимаратта оқырмандарға барлық жағдай жасалған. Кітапхана қорында 226 мыңнан астам кітап сақталған.

 

Түркістанда 65 жылдық тарихы бар Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы заманауи жаңа ғимарат берілді. Ғимаратты облыс әкімі Нұралхан Көшеров ашты. Ол көпшілікті айтулы оқиғамен құттықтап, кітапхананың  қоғам үшін маңызына тоқталды. Бұл кітапхананың облыс руханияты үшін маңызды екенін жеткізді.

 

Жобаның жалпы құны – 481 млн. теңгеден асады. Ғимараттың жалпы аумағы – 1065 шаршы метр. Кітапхана бір мезетте 100 оқырманға қызмет көрсетуге қауқарлы.  Бұдан бұрын кітапхананың жай-күйін  мәслихат депутаттары көтерген. Ескі ғимараттың орнына жаңасын салып беруді сұраған. Оны облыс әкімдігі қолдаған. Жалпы кітапханада 226 мың кітап сақталған.

 

Жалпы аймақта 390 кітапхана жұмыс істейді. Ондағы кітап қоры 6 миллионнан асады.

Дилара Иса