«Дискриминацияға жол жоқ!»

388

«Дискриминацияға жол жоқ!». Қоғамдық денсаулық сақтау институтының ұйымдастыруымен облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы қаладағы білім ошақтарында ВИЧ инфекциясын алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесуде мектеп және бала-бақшадағы мұғалімдерге аурудың жұғу жолдары және алдын алу мен оны емдеудің маңыздылығы айтылды. Сондай-ақ, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары жиынға қатысқан азаматтарға ВИЧ-инфекциясы жазылған жадынама қағаздарын таратты.

Гүлжан Әмірқұлова, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы: «Дискриминацияға жол жоқ!» ұранымен 6 – қарашадан бастап кездесулер өтуде. Кездесудің мақсаты АИТВ-ЖИТС-тің алдын алу туралы қатысушылардың ақпараттандырылуын арттыру және де өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау болып табылады. Іс-шара барысында АИТВ және ЖИТС туралы, инфекцияның таралу, алдын алу жолдарына толығырақ тоқталу арқылы мәліметтер беру».

Айта кетейік, орталық мамандары үш күн бойы «Дискриминацияға жол жоқ!» деген атаумен қаладағы мекемелерде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Салаға жауаптылар ауруды алдын алу бойынша жиындарды халық көп шоғырланған орындарда өткізбек.

Лаура Нақыпқызы