Шымкенттің судьялары Қызылорда қаласындағы «Татуласу орталығымен» танысты

679

Шымкенттің судьялары Қызылордадағы «Татуласу орталығының» жұмысымен танысты. Кеше Медиация бойынша жəне «Сот төрелігінің 7 түйіні» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстармен танысу мақсатында Шымкенттің сот қызметкерлері іссапармен Қызылорда қаласына барып қайтты.

Шымкент қаласы аудандық соттарының судьялары Ж.Мүсірәлі, Л.Тұрғынбаева, Қ.Ізбасаров, Е.Отарбаев жəне қалалық Соттар әкімшісі басшысының орынбасары Ә.Көшенов, бөлім басшылары М.Саденов пен Қ.Дүйсенби Қызылорда облысы соттарында ашылған фронт-офисте, облыстық соттың музейінде және медиация кабинетінде болып, олардың жұмыстарымен танысты.


Қызылорда қалалық сотының бітістіруші судьясымен кездесіп, істі қарау барысында туындайтын мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты. Сапар соңында, жаңадан ашылған «Татуласу орталығына» барып, оның жұмысымен жан-жақты танысып, осындай орталықтың Шымкентте де ашу жағын ойласты. Қызылордадағы бұл орталықтың ашылуына əкімдік тарапынан қаржылай жəне материалдық-техникалық көмек көрсетілген екен.

Жанар Есенбекова