Қоғамдық көлікте орын алған шулы оқиғаға мамандар жауап берді

554

Күні кеше Шымқалада тығыны шыққан автобустан екі әйел азаматшаны жұлқып түсіріп тастаған бейнежазба тарады. Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен бейнежазбаға пікір қалдырушылар көп. Бұл көріністі түсіріп алған автор «Әйелдерді жұлқуға қандай қақысы бар? Әкімдік қайда қарап отыр?» деп жазба қалдырыпты.

(Бейне жазбаны мына жерден көруге болады https://www.instagram.com/p/BrKchxIlSYb/?utm_source=ig_share_sheet&igshid=vl48c81e434b)

Осыған орай Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жауап берді. Мамандардың айтуынша оқиға №65 әлеуметтік бағыттағы қоғамдық көлікте орын алған.

Әлеуметтік желіде жазба тарай бастағанда жауаптылар аталған бағытта қызмет көрсететін компания өкілдерімен хабарласып, жүргізушімен де, кондуктормен де, оқиғаның куәгерлерімен де сөйлесіпті.

Кондуктордың айтуынша автобуста аяқ қоятын жер болмағандықтан есігі жабылмай қалған. Сол шақта екі әйел түсіп қалмақты құп көріпті. Оларға жолаушылардың бірі көмек көрсетпек болған. Бірақ бұл жұлқып түсіргендей көрініп қалған. Автобустан түскен екі әйел азаматшалар жүргізушіге де, кондукторға да ешқандай шағымы жоқ екенін айтыпты.

Басқармадағылар «бұрын аталған бағытта өте аз жолаушы ғана тасымалдай алатын автобустар қызмет көрсеткен. Кейін «Санжар моторс» ЖШС-і 80 жолаушыға арналған жаңа автобустарды бағытқа қойды. Қазіргі уақытта №65 бағыттың уақыт аралығы 10 минутты құрайды. Автобусқа аяқ арту мүмкін еместігін көрген жолаушылар келесі автобусты күтулеріне де болар еді» дейді.