Шымкентте «Range rover» көлігінің иесі қуғын ұйымдастырды

430

Шымкентте қымбат көлік иесі қаланың қақ ортасында нағыз бәйге ұйымдастырды. Түнгі 3:00 шамасында тәртіп сақшылары қала орталығында мемлекеттік нөмірі жоқ көлікті байқап қалған. Бірнеше экипаж қызметкерлері тәртіп бұзған жүргізушіні құрыққа іліндірмек болады.

Қанат Бусаханов, Шымкент қалалық жол полициясы жол-патрульдік батальонының взвод командирі: «Тез арада көлікті тоқтату туралы бұйрық берілгенімен жүргізуші құлақ аспады. Бір сағаттан аса уақыт қала ішінде ұстатпай қойды. М.Х. Дулати көшесіне келген кезде ол көлігін тастай қашты. Жылдам әрекет ету арқасында оны ұстадық. Қолға түскен кезде ол «рульде мен болған жоқпын» дегеннен таймады. Ұсталған кезде қандай халде болғанын анықтау үшін наркодиспансерге жібердік. Сараптама қорытындысы бойынша ол орташа деңгейдегі мас халде болған».

«Range rover» иесіне Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі бойынша 10 хаттама толтырылды.