Шымкентке 1000 автобус әкелінбек

359

Шымкентте  аудан әкімдерінің 2018 жылда атқарылған жұмыстары бойынша халық алдында есебі жалғасуда. Бүгін Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясовтің қорытынды  есепті жиынына қала әкімі  қатысты.

Қоғамдық көліктің қызметіне қатысты сын-ескертпелерді мұқият тыңдаған қала  басшысы Ғабидолла Әбдірахымов  қалалықтарды бір қуантты.

Ғабидолла Әбдірахымов, Шымкент қаласының әкімі

Ғабидолла Әбдірахымов,  Шымкент қаласының әкімі: «Сіздердің көтерген мәселелеріңізге қанықпын. Көлік компанияларының қызметіне қатысты арыздар көп,  оны ескере отырып біз Шымкент қаласында муниципалды көлік паркін ашуды жөн көрдік. Қалаға 1000 автобус сатып алмақпыз. Олардың 300-і  жақын арада әкелінеді, ал қалғаны қараша айында  жеткізіледі. Биыл  қоғамдық көлік мәселесін шешеміз. Кешкі уақытта жүру, қызмет көрсету сапасын арттырамыз».

Шынар Оразова