Шымкентке 1000 автобус әкелінбек

169
фото shymkala.kz

Шымқаланың «бас ауруына» айналған қоғамдық көлік мәселесі жыл соңына дейін шешімін таппақ. Үшінші мегаполис мэрі Ғабидолла Әбдірахымов әлеуметтік желідегі парақшасында ақжолтай хабарымен бөлісті.

«Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерді жаңарту мақсатында, «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» арқылы 1000 автобус алу жоспарлануда. 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін 300 автобус келеді. Қалған 700 автобус жылдың соңында келеді. Аталған автобустар қозғалыс жиілігі төмен, жолаушылардан шағымдар көп түсетін, қазіргі таңда қызмет көрсетіліп отырған бағыттарға қойылатын болады» делінген хабарламада.