Шымкент қаласында 2018 жылы жаңа туған нәрестелерге ең көп қойылған есімдер анықталды. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының АХАТ бөлімінің мамандарының мәліметі бойынша өткен жылы дүние есігін ашқан сәбилерге жиі қойылған есімдер – Айсұлтан мен Медина екен.
Олардың айтуынша, өткен жылы АХАТ бөлімінде 32464 бала тіркелген. Оның 60% ер балдар болса, 40% қыз балдарды құрайды. Дүниеге келген ұл балдарға Айсұлтан, Нұрсұлтан, Дінмұхаммед, Әлихан есімдері қойылған болса, қыз балдарға Медина, Раяна, Кәусар, Айзере, Айсұлу есімдері жиі қойылған екен.
Еске салсақ, 2018 жылы Шымкент халқының саны миллионға жетіп, Елбасының Жарлығымен Шымкент еліміздегі республикалық маңызы бар ресми үшінші қалаатанды.Ал, 17 мамырда дүниеге келген Еламанова Айсұлу есімді бүлдіршін мегаполисіміздің миллионыншы тұрғыны болып тіркелген болатын.