Шымкенттегі 3 – ші балалар үйінде жаңа жылдық кеш өтті

962

Балаларға – базарлық. Шымкенттегі 3- ші балалар үйінде жаңа жылдық кеш өтті. Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен «Болашақ» түлектері қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен қайырымдылық шарасына отандық эстрада жұлдыздары арнайы шақырылыпты. Балалар үйінің тәрбиеленушілері өнер адамдарымен бірге ән салып, би биледі. Цирк өнерпаздары да түрлі қойылымдарымен балақайларға шат-шадыман көңіл-күй сыйлады. Қайырымды жандар кішкентай достарына сый-сыяпат жасап, мерекелік дастархан жайды.