Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы тағайындалды

1064

Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып Қырықбаев Полат Наурызбайұлы тағайындалды. 1961 жылы 26 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысында туылған.

Еңбек жолын 1985 жылы Қазақ химия-технология институты дене шынықтыру кафедрасында оқытушы болып бастаған. Оңтүстік Қазақстан облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы, Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві мектебінің директоры болып қызметтер атқарған.

2015 жылдан бүгінгі күнге дейін Б.Саттарханов атындағы облыстық дарынды балалардың спорт мектеп-интернатының директоры болып қызмет атқарып келді.