Тез қартайғыңыз келмесе 8 әдеттен құтылыңыз

562

Біріншіден,сіз күн сайын жаңаны танып, үйренуге талпынбайсыз.

Күнделікті жаңа білім арттырып, өзіңіз үшін жаңа дүниені ашуға ұмтылмай күйбең тірлікке көміп тастайсыз.

Адамның ұдайы интеллектуалдық өсуі сараптау қабілетін арттырады. Өзін өзі танып,  өз өмірін, сондай – ақ, айналасындағы барлық жағдайды бағамдай біледі. Күнделікті оқып үйренуден бас тарту, яғни енжарлық таныту тезірек қартаюдың кепілі.

Екіншіден, сіз медитацияны мойындамайсыз.

Медитация мен йога аса пайдалы. Жүйкеге жүк болар жағдайларды ұмыттырып, тек қана өзіңізді ойлауға сеп болады. Йога мен медитация адам ағзасындағы «стресс гармонын» азайтады. Күнделікті медитация-күш қуатыңызды қалпына келтіруге керемет ықпал етеді.

Үшіншіден, тамақтануды қадағаламайсыз.

Өз ағзаңызға зиянды әдет – асты қажетінше шайнамау. Бұл ас қорыту жүйесіне жүк түсіреді.

Тәтті мен майлыны талғамай жеу де қартаюды жылдамдататын әдет. Бұл әдет денсаулықтың сыр беруіне тікелей себеп.

Төртіншіден, сіз аз қозғаласыз.

Алдыңғы әдетпен қоссаңыз тіптен ағзаңызға май мен қанттың жиналуына әкеп соғады. Сөйтіп зат алмасуыңыз нашарлап, артық салмақ қосуыңыз да ғажап емес. Қан қысымыңыз жоғарылап, бірінші байлықтан ажырап қалуыңыз да мүмкін.

Бесіншіден, қан қысымыңызды қадағаламайсыз.

Жоғары қан қысымы адам ағзасының «стрессте» екендігінің белгісі. Қан қысымының өзі ағзадағы қан айналымының бұзылғандығын білдіреді.

Жүрек пен ми қызметіне жоғары қан қысымы кері ықпалын тигізеді. Сондықтан да екеуінің бірінде ақау пайда болса жайыңыз нендей болмақ?!

Алтыншыдан, метаболизм деңгейін қадағаламайсыз.

Метаболизм қызметінің бұзылуының басты белгісі – тез салмақ қосу. Ағзаңызға жүк түсіп, май қорын жинақтау басталады. Жаттығу залына сізді жетектеп барар белгі бұл. Тек ағзаңызды тыңдай біліңіз.

Жетіншіден, сіз темекі шегесіз.

Темекі тарту өкпе және қан тамырлары обырына апарар негізгі жол. Темекі шегу қан қысымыңыздың жоғарылап, қант диабетіне шалдығу сияқты басқа да ауруға алып баратынын ұмытпаңыз. Сізге никотиннің қажеті де жоқ!

Сегізіншіден, сіз бүгініңізбен өмір сүрмейсіз.

Көп адам толыққанды өмір сүре білмейді. Жұмыс, үй, күнделікті  тірліктің күйбеңіне көп уақытты көмеміз. Арасында ештеңені өзгерте алмас өткеніміз бен бұлыңғыр болашақты ойлап қоямыз.

Күнделікті кішкентай ғана жақсылықты көре біліп, шын жүректен қуана білсеңіз ұзақ та керемет ғұмыр кешеріңіз анық.

 

Дерек көзі — 8 Habits That Accelerate the Process of Aging via  Клубер 

Аударған: Жанар Есенбекова