Жеке клиникада көз жұмған полицейге қатысты қылмыстық іс сотқа өтті

327

Шымкенттегі жеке клиникалардың бірінде көз жұмған полиция қызметкерінің өліміне қатысты қылмыстық іс материалдары Әл Фараби аудандық сотына жіберілді.

Сотқа дейінгі тергеп тексеру органдары ҚР ҚК — нің 317 бабы, 3-ші бөлігі «Медициналық қызметкердің салғырттығы мен медициналық қызмет көрсетудің стандарттары мен ережелерін сақтамау салдарынан кісі өліміне әкеліп соқтыру» бойынша айып тағып отыр.

Сотталушы 1981 жылы туған дәрігер — уролог. Тергеу кезінде Шымкент қаласы мамандандырылған тергеу соты айыпталушыға қаладан кетпеу туралы тілхат алуға санкция берген болатын.

Жанар Есенбекова