Жылжымалы дүңгіршектен шыққан өртке газ баллоны себеп болған

470

Бүгін Шымкент қаласындағы 11 шағынаудан аумағындағы Ш. Уәлиханов көшесінде өрт оқиғасы орын алды. Чикен дайындайтын жылжымалы дүңгіршек отқа оранған. Өртке қарсы қызмет орталығынына оқыс оқиға туралы ақпар кешкі сағат 18:26-да келіп түскен.

Тілсіз жауды ауыздықтауға 4 арнайы қызмет көліктері аттанды. Жиырма минут аралығында өрт толық өшірілді. Жақын маңда орналасқан дәмхана да өртке орану қауіпі бар болатын. Төтеншеліктер жылдам қимылдап оған жол бермеді.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша фаст фуд дайындайтын дүңгіршектің жұмысшылары бір газ баллонын сыртқа шығарып үлгерген. Кейіннен 2 газ баллонын өртшілер қауіпсіз орынға шығарды.

Оқиға орнында тексеру жұмыстары жүргізілуде. Зардап шеккендер жоқ.

Ернар Балабеков