Бүгін Астана қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында (1 Терминал) коммерциялық және өндірістік объектілерді, үлкен кеңістіктерді тазалауға арналған автономды тазалағыш роботтың тұсаукесері өтеді.
Жобаны Tech Garden дербес кластерлік қорының портфельдік стартапы — ТОО “Автономные технологии КЗ” компаниясы — Startup Kazakhstan акселерациясына қатысу барысында іске асырды. Startup Kazakhstan бағдарламасын Tech Garden Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырады.
Тұсаукесер барысысында қонақтар мен журналистер электрондық тазалағыштардың қалай жұмыс істейтінін көре алады. Толықтай автономды құрылғы еденді жуу барысыныда адамдарды, қабырғаларды және басқа да кедергілерді айналып өтіп, кеңістікте адамның араласуынсыз қозғалады. Сонымен қатар, робот суды үнемдеп, оны қайта пайдалану мақсатымен ішкі қорабында тазалайды. Жасанды интеллект элементтері енгізілгендіктен бірнеше роботтар бір бөлмеде бір-біріне кедергі келтірмей тиімді түрде өзара әрекеттеседі. Қажет болған жағдайда, машиналар батарея мен суды ауыстыру мақсатымен өздігінен базаға аттанады.
“Tech Garden ұсынған үш айлық акселерацияға қатысу арқылы біз, біріншіден, қажетті білім алып, роботымызды өндірістік құрастыруға дайын деңгейге жеткіздік. Екіншіден, Қазақстанда бірінші ірі тапсырыс беруші компанияны таптық. Бірінші роботтар Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында іске қосылады, — дейді жоба авторы Николай Потапов.
Қазіргі таңда, аталмыш стартап қазақстандық компаниялармен 100 роботтарды жеткізуге келісімдесіп, Ресейлік компанияларға тағы да 500 роботтарды жеткізуге туралы келіссөздер жүргізуде. Бір роботтың құны — 2,5 млн теңге. Бұл роботтың технологиялық сипаттамалары қолданыстағы аналогтармен бірдей, тіпті жоғарырақ болғанымен қатар, бағасы бірнеше есе арзан. Қазіргі уақытта Қазақстанда осы роботтардың толыққанды өнеркәсіптік өндірісін құру мәселелері әзірленуде.
«Елбасы қойған тапсырмаларды орындау аясында қорымыз жүзеге асыратын Startup Kazakhstan бағдарламасының маңызды нәтижелерін көріп отырмыз. Негізгі мақсатымыз — отандық стартаптарды қолдау және шетелдік стартаптарды тарту арқылы Қазақстанда жоғары технологиялық компаниялардың сыни жиынтығын құру. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен Tech Garden кластерінің айналасында толыққанды экожүйе құрылып, ТМД елдерінен стартаптардың тиімді ағыны орнатылды. Бүгін біз Startup Kazakhstan бағдарламасының арқасында үмітті якуттық стартаптың жоғары технологиялық қазақстандық компанияға айналуын бақылап отырмыз. Аталмыш компания Қазақстанда тіркеліп, салық төлеп, ел экономикасына толықтай қатысуда, — дейді Tech Garden дербес кластерлік қорының бас директоры Санжар Кеттебеков.
Tech Garden дербескластерлікқоры (Tech Garden) — «Ұлтжоспары — 100 нақты қадам» Мемлекеттік бағдарламасының 63 ші қадамы аясында жұмыс атқарады; Алматыдағы жетекші университеттермен ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми-техникалық базасын нығайтады; ұлттық экономиканың негізгі секторларындағы құзыреттілік деңгейін көтеру және жаңа өндірістерді құру мақсаты мен трансұлттық корпорациялармен әріптесіп, салалық технологиялық орталықтар құрады; технологиялық компанияларға толық циклді қолдауды қамтамасыз етеді; жоғары технологиялық және экспортқа бағдарланған компаниялардың сыни жиынтығынин кубациялау мақсатында отандық стартаптарды дамытуға және халықаралық стартаптарды Қазақстанға тартуға бағытталған Startup Kazakhstan халықаралық акселерация бағдарламасын іске асырады.