Кәріз қақпақтары қолды болуда

315

Жуырда «Еламан” шағынауданында бір түннің ішінде 30 кәріз құдықтарының қақпақтары қолды болған. Одан бөлек тағы да 6 қақпақ жоғалған. Бұл ұрлық жайлы хабарлама “Су Арнасы Маркетинг» ЖШС-нің диспечеріне түскен.

Оқиға басына мамандар мен полицейлер шақырылды. Күдік туғызған автокөлік туралы жергілікті тұрғындар тәртіп сақшыларына мәлімет беріп отыр.

Ұрыларды іздеп тапқанша серкітестік ашық қалған кәріздерді басынан жауып шығатын болады. Қаскөйлер ашық қалған құдықтардың тұрғындарға қауіп әкелетінідігімен басын ауыртпайтыны анық.

Жергілікті тұрғындар көше бойына орнатылған жарық шамдары ылғи өшіп тұратынын айтады. Қараңғыда ойын кезген бала-шаға беті ашық қалған құдыққа түсіп кете ме деп алаңдаулы.

Ернар Балабеков