Шымкенттік боксшылар жалпыкомандалық есепте жеңіске жетті

197

Шымкенттегі қалалық бокс клубы Қазақстан біріншілігінде топ жарған шәкірттерін марапаттады. №5 спартакиадамен қатар өткен жарыста жерлестеріміз жалпыкомандалық есепте жеңіске жеткен болатын. Шаһар қоржынында 2 алтын, 1 күміс және 1 қола бар.

Жанкүйерлерін жерге қаратпағандардың бірі – Махмұд Сабырхан. 17 жастағы былғары қолғап шебері өткен жылы ғана Азия чемпионы атанған еді. Биыл да дәл сол бәсекеге жолдама алып отыр.

Назерке Үкібасова