Төлебиліктер белгілі қолөнершімен кездесті

665

Төлеби аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы шеберлер одағының мүшесі, Қазақ қолөнерін дамытушы – Ағаділов Құрбанәлі Арыстанбекұлымен «Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» атты кездесу-сұхбаттасу кеші өтті.
Шараға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, республикамызға белгілі қолөнердің хас шеберлері мен мектептің жоғарғы сынып оқушылары және мәдениет қызметкерлері қатысты.

Жиын барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Шыңғысбаев пен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ә.Әсілбек кеш иесін аудан басшысының арнайы құттықтау хатын табыстаса, Қазақстан қолөнершілер одағы Шымкент – Түркістан өкілдігінің басшысы Б.Бейісбеков арнайы төсбелгі тарту етті.

Жиынға қатысқан ҚР Президентінің саясаты мен жолдауларын ақпараттық насихаттайтын Республикалық саяси – танымдық «Нұрлы Қазақстан!» журналының бас редакторы Қ.Қаналұлы да қазақ қолөнер бұйымдарын насихаттап, шоқтығының биіктету жолында өлшеусіз үлес қосып жүрген қолөнершіге алғысын жеткізді.
Шара барысында аудан өнерпаздары арнайы дайындаған мерекелік концерттік бағдарлама көрермен назарына ұсынылды.