Зейнеп Сұлтан – шахмат ханшайымы

287

Шымкентте шахматтан қалалық турнир бастау алды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы атауын алған жарыс жасөспірімдер арасында өтуде. Бәсекеге барлығы 100-ге жуық қатысушы жиналған. Олар 5 жастан 14 жасқа дейінгі жеткіншектер.

Сайыста сынға түсіп жатқандардың бірі – Зейнеп Сұлтан. Шахматтан спорт шеберлігіне үміткер жақында ғана Қазақстан чемпионатына қатысып келді. Жерлесіміз ел біріншілігінде қарсылас шақ келтірмеген. Осылайша 15 жасында әйелдер арасында үздік атанып отыр. Айта кетейік, жарыста күміс жүлдені де шымкенттік ару алған.

Шымкенттік интеллектуалдарды енді Азия чемпионаты күтіп тұр. Өткен жылғы сары құрлықтық сайыста спортшыларымыз ешбір жүлдеге қол жеткізбеген еді.

Назерке Үкібасова