Жедел-тактикалық оқу жаттығулары өтеді

208

ҚР ІІМ-нің «Түркістан облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының» қызметкерлерінің Түркістан облысы Полиция департаментінің қалалық және аудандық бөлімдері мен өзге де бейінді қызметтерімен бірлескен жоспарлы жедел тактикалық оқу-жаттығулары өткізілмек.

7 ақпанда Шардара қаласы Әл-Фараби көшесі нөмірсіз үйде орналасқан «Шардара обаға қарсы күрес бөлімшесі» ғимаратында, 9 ақпанда Түркістан облысы Байсейитов көшесі нөмірсіз үйде орналасқан «Түркістан қалалық соты» ғимаратында, 12 ақпанда Төлеби ауданы Әйтеке би көшесі № 16 үйде орналасқан «Төлеби аудандық соты» ғимаратында, 28 ақпанда Ордабасы ауданы Қазыбек би көшесі № 3«Ордабасы аудандық соты» ғимаратында өтеді.

Қызметтердің өзара жедел әрекет жасауы мен үйлестіру іс-қимылының дағдылары, қызметкерлердің эвакуациялау жұмыстарының біліктілігі, алғашқы медициналық көмек көрсету және оқу-жаттығу кезінде ауданды қоршауға алу жұмыстары пысықталатын болады.

«Түркістан облысы Полиция департаметі азаматтардан өткізілетін оқу-жаттығу іс шарасы кезінде орын алатын жайсыздықтарға түсіністікпен қарауларын сұрайды»-деп хабарлайды Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.