«Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық шарасы басталды

400

Шымкент қаласында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды.

2019 жылғы 18-21 наурыз аралығында Шымкент ҚПД Абай АПБ-ның қызметкерлерімен «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Қазіргі таңда өзекті мәселенің бірі «Бөтеннің мүлкін ұрлау» қылмысы оның ішінде, мал ұрлығы болып отыр.

2019 жылдың 2 айында жалпы аудан бойынша мал ұрлығы 2018 жылы 7 қылмыс тіркелсе, 2019 жылдың 3 айында 7 қылмыс тіркеліп отыр. Тіркелген қылмыстың бүгінгі таңға 61,1 пайызы ашылған. Аталған қылмыстың басым көпшілігі түнгі мезгілде, қоралар мен жайылымдардан қараусыз жүрген малдардың ұрлануы болып отыр. Қылмыстарды болдырмау, алдын-алу мақсатында күнделікті сараптама жүргізіп, түнгі уақытта мобильдық топтар құрып, 2019 жылғы 18 наурыз күні «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қазығұрт, Құрсай, Жаңаталап мөлтек ауданында орналасқан қоралар, Алматы-Ташкент тас жолында орналасқан «мал базары», ет өнімдерін сататын орындарын 14 сауда орындарына қылмыстарды болдырмау, алдын-алу үшін профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Рейдік іс-шара кезінде Абай ауданы Қазығұрт мөлтек ауданы аумағында бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысы бойынша, оның ішінде мал ұрлығы қылмысының алдын алу бағытында Шымкент қаласының Абай ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімімен бірлесіп, «Мал ұрлығына тосқауыл» іс-шарасының жоспары әзірленіп, оның орындалуы ауданда мал ұрлығын болдырмау мен алдын алу бағытында жалпы 1513 жадынамалар жабыстырылып, халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Шымкент ҚПД Абай АПБ ЖПҚ-нің учаскелік полиция инспекторларына көмекке қоғамдық жұмыстарға жіберілген азаматтар, бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарды алдын-алу үшін, оның ішінде «Мал ұрлығы тосқауыл» профилактикалық іс-шарасына жұмылдырылды.

Іс-шара кезінде Шымкент қаласы Абай ауданы әкімдігімен және Абай ПБ ЖПҚ қызметкерлерімен бірлескен арнайы топ жайылымдарда және қораларда жануарларды таңбалау мен ен салынған малдарға тексеру жүргізілді. Сонымен қатар жексенбі күні күндізгі сағат 05-00 ден түскі сағат 13-00 ге дейін арнайы, сатуға алып келген мал иелерінің малға қатысты құжаттары мен таңбалары тексерілді.